Борышкерге iздеу салу

Борышкерге iздеу салу

Борышкерге iздеу салу

Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңының 45-бабына сәйкес:

     1. Борышкердің болатын жері белгісіз болған кезде сот орындаушысы ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы қаулымен атқарушылық құжат орындалатын жердегі прокуратура органдарына жүгінуге міндетті. Борышкерге іздеу салу жарияланған және оның өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.

      Борышкердің орналасқан жері белгілі болған немесе оның мүлкі анықталған кезде атқарушылық іс жүргізу қайта басталады.

      2. Борышкерге iздеу салуды прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.
3. Борышкерге iздеу салу жөнiндегi шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатады және борышкерден мемлекеттік бюджетке сот арқылы өндiрiп алынуға тиiс.
Борышкерге iздеу салу жөнiндегi шығыстар іздеу салуды жүзеге асыратын органдардың өтініші негізінде айқындалады.