2022 жылғы 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына қол қойылды. Заң ағымдағы жылдың наурыз айныда енгізілді.
Заң жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің үш түрін қарастырады: соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттігін қалпына келтіру.
Барлық үш процедураны тек борышкердің өзі бастайды, несие берушінің борышкерге қатысты аталған процедураларды қолдануға құқығы жоқ.
Соттан тыс банкроттықты тек 1600 АЕК (2023 жылы бұл 5 млн. 520 мың теңге) аспайтын банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштар бойынша ғана қолдануға болады.
1600 АЕК астам борыштар бойынша және борыштардың қалған түрлері бойынша Қазақстандықтар сот банкроттығын қолдана алады.
Банкроттық танылғаннан кейін азаматтар:
- 5 жыл ішінде ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа, қарыздар мен несиелер алуға шектеледі;
- қайта рәсімге тек 7 жылдан кейін ғана өтініш бере алады;
- олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейінгі 3 жыл ішінде бақыланады.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру сотта тұрақты табыс болған кезде қарыздарды (5 жылға дейін) бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін көздейді. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі.
Бұл процедураның артықшылығы, бұдан кейін «банкрот» статусы берілмейді, сәйкесінше ол азаматқа банкротқа көзделген шарттар қолданылмайды, сондай-ақ шет елге шығуға шектеу қойылмайды.
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламасы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген Қазақстан Республикасының азаматы қаржы басқарушысы болып әрекет ете алады.
Қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаны:
1) «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңына сәйкес қызметті жүзеге асыратын әкімші;
2) кәсіби бухгалтер;
3) аудитор;
4) заң консультанты беруге құқылы.
Заң консультанттарының қаржы басқарушысы ретінде азаматтардың төлеу қабілеттілігін қалпына келтіруіне қатысу сұрақтары бойынша келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады:
- 8 (702) 136 16 52 «Adilzanger» заң консультанттар палатасы.
- 8 (747) 671 66 05 «Палата юридических консультантов Карагандинской области» заң консультанттар палатасы.
- 8 (771) 206 97 03 «Эксперт права 2018» заң консультанттар палатасы.
- 8 (700)476 54 78 «Единый центр услуг» заң консультанттар палатасы.
Мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік туралы мәліметтерді, оның мөлшерін, орналасқан жерін не мүлік туралы өзге ақпаратты жасырғаны, мүлікті өзге иеленуге бергені, мүлікті иеліктен шығарғаны немесе жойғаны, сол сияқты құқық белгілейтін құжаттарды жасырғаны, жойғаны, бұрмалағаны үшін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімінде 100 АЕК мөлшерінде айыппұл көлделген.