Адвокаттармен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету

Адвокаттармен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету

 

 

 

 

Ағымдағы жылдың 06 қазанында Қарағанды облысының әділет департаментінде басшының орынбасары К.Б.Рахимбергеновтың төрағалық етуімен ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 26 бабына құқықтық консультация түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша семинар өткізілді. Семинарға Қарағанды облысының ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының, Қарағанды облысының Полиция департаментінің, «ҰАТ» АҚ өкілдері, МКЗК жүйесіндегі облыс адвокаттары қатысты.

Сонымен қатар семинарда Қарағанды облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 9 айында адвокатура саласында атқарған жұмысы туралы ақпарат, 2022 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардың адвокаттардың әрекетіне қатысты келіп түскен шағымдарына жасалған талдау қатысушылар назарына жеткізілді. 

Соңында «Е-заң көмегі» АЖ жұмысы бойынша мәселелер талқыланды.

 

После были обсуждены вопросы по  работе с ИС «Е-заң көмегі».