Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және "Amanat"партиясының Қарағанды облыстық филиалымен бірлесіп семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және "Amanat"партиясының Қарағанды облыстық филиалымен бірлесіп семинар өткізілді

2022 жылды 3 тамызда Қарағанды облысы Әділет департаменті  Сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Amanat» партиясының Қарағанды облыстық филиалымен бірлесіп семинар өткізді.

Іс шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған негізгі жаңашылдықтармен таныстыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың жолдары және мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы іс әрекет ету және алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау туралы түсініктеме берді. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының қатаң орындалу қажеттігін атап өтті.