Адвокатура саласында атқарылған жұмыстар туралы

Адвокатура саласында атқарылған жұмыстар туралы

 

Адвокаттық қызмет дегеніміз -  жеке және заңды тұлғаларға кәсіби негізде құқықтық консультация беру арқылы, азаматтық және қылмыстық іс жүргізуде мүдделерді қорғау мен өкілдік етуді ұйымдастыру, сонымен қатар заң көмегінің басқа да түрлерін көрсету болып табылады.

Азаматтарды білікті заң көмегімен қамтамасыз ету маңызды конституциялық принциптердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабының 3 тармағына сәйкес,  әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі.

Бүгінгі күнде Қарағанды облысының аумағында 1 аумақтық адвокаттар алқасы, 17 заң консультациялары, 18 адвокаттық кеңселер жұмыс жасайды.

Адвокаттық қызметті 591 адвокат жүзеге асырады, барлық адвокаттармен кәсіби жауапкершілікті сақтандыру шарттары жасалған.

2022 жылдың 1 тоқсанында адвокаттардың әрекетіне 12 шағым келіп түсті. оның ішінде 10 негізсіз, 1 негізді, 1 қайтып алынды.

Соттармен адвокаттарға қатысты 1 жеке қаулы шығарылды.

Аталған кезеңде адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың қолданысы тоқтатыла тұрмаған, тоқтатылмаған.

«Адвокаттардың заң көмегін көрсетуі» 005 бюджеттік бағдарламасы бойынша 2022 жылға 149 869 00 теңге бөлінген, есепті кезеңде 30 474 000 теңге игерілді.

 Аталған бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында соттармен, тергеу және қудалау органдарымен 2327, оның ішінде соттармен – 1730, оның ішінде қылмыстық істер бойынша – 1689, азаматтық істер бойынша – 14, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша – 27 қаулы шығарылған, консультациялар – 1604, тергеу және қудалау органдарымен (қылмыстық істер бойынша) – 597 қаулы шығарылған.

Заңнамамен көзделген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілген азаматтар саны – 4003 адам (2021 жылы – 2410 адам). Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40 % артық.

 

 

 

Қарағанды облысы

Әділет департаментінің

құқықтық түсіндіру және

халыққа заңгерлік

қызмет көрсету бөлімінің

бас маманы

Ғ.С.Әбдібаев