2022 жылдың 4 мамырында Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотымен «Қылмыстық айыппұлдарды, процессуалдық шығындарды өндіру және мулікті тәркілеу туралы құжаттарды орындаудың проблемалық мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Қарағанды облысының Әділет департаменті атқару өндірісін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Л.В.Гальчунова, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары К.Жумабай, сондай-ақ Қарағанды қаласының орталық сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушы А.Н.Аубакирова қатысты.