Құрметті азаматтар!
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 90 бабына сәйкес, Әділет департаментінің басшысы Қарағанды облысы Әділет департаментінің құзырына кіретін мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді, атап айтқанда:
атқару құжаттарын орындау;
халыққа заң қызметін көрсету, нотариаттық қызмет;
коммерциялық емес ұйымдарды, діни бірлестіктерді және мүлік иелерінің бірлестіктерін тіркеу;
әділет органдарының және басқа да мемлекеттік органдардан, сондай-ақ, ҚР нотариустарынан шығатын құжаттарға апостиль қою;
азаматтық хал актілерін тіркеу саламында консультациялық көмек.
Жеке қабылдауға жазылу үшін Сіз 8(7212)420223, 8(7212)435885 телефондарына хабарласа аласыз.
Сондай-ақ, «Электрондық үкімет» веб-порталына, «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілер арқылы және Әділет департаментінің ресми сайтында өтініш қалдыра аласыз.