Онлайн жұмыс режимі. Азаматтар қайда өтініш бере алады?

Онлайн жұмыс режимі. Азаматтар қайда өтініш бере алады?

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары! Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің хабарламасы бойынша, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және өңірдің "қызыл аймаққа" көшуіне байланысты, Қарағанды облысының Әділет департаменті өз қызметін 2022 жылғы 17 қаңтардан бастап қашықтықтан жүзеге асыратыны туралы хабарлайды. Барлық сұрақтар бойынша, соның ішінде өтініштер беру, оларға жауап алу, кеңес алу бойынша Сіз 87759723105 телефон нөмірі бойынша WhatsApp - мессенджерге, Instagram - дағы әділет департментінің @karaganda_adiletgovkz, @krg.adilet.gov.kz/ru Қарағанды облысы әділет департаментінің Facebook аккаунттарына жүгіне аласыз, сондай-ақ әкімшілік-құқықтық бөлімге телефон арқылы: 8/7212/42-05-39, сот актілерін орындау мәселелері бойынша: 8/7212/25-22-09.