2021 жылы 20.12. Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің мамандарының қатысуымен мүлік иелерінің бірлестігі тіркеу кезіндегі туындайтын мәселелерді шешу бойынша «дөңгелек үстел» өткізілген. Аталған шараға Қарағанды облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметкерлері, жергілікті атқару органдарының және «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Қарағанды филиалы бөлімдерінің мамандары қатысты.
«Дөңгелек үстел» барысында мүлік иелерінің бірлестігін құру және тіркеу мәселелері талқыланған. Талқылау барысында туындаған сұрақтарға Әділет департаменті Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы және мамандарымен толық жауап берілді.