Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 755 бұйрығымен "жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу"мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Қағидалардың 5-тармағына 3-абзац қосылды:
"Электрондық тіркеу жеделдетілген тәртіппен құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен кезден бастап екі сағат ішінде жүргізіледі.»
Құжат 2021 жылғы 17 қыркүйекте қолданысқа енгізілді.
Қызмет көрсету уақытын қысқарту әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді.