Департамент ұжымы мен әділет органдары ардагерлерін Әділет органдары қызметкерлері күнімен құттықтау

Департамент ұжымы мен әділет органдары ардагерлерін Әділет органдары қызметкерлері күнімен құттықтау

Бүгін салтанатты жағдайда барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Әділет департаментінің басшысы Тимур Ермагамбетов Департамент ұжымын және әділет органдары ардагерлерін Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтады. Ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын түсіне отырып, барлық өмірлерін осы қызметке арнаған және саланың дамуына маңызды үлес қосқан әділет органдарының ардагерлеріне алғыс хаттарын тапсырды. Сонымен қатар, өз міндеттерін адал және кәсіби орындағаны үшін Әділет министрінің грамоталарымен Жеке сот орындаушыларының аумақтық палатасының төрағасы М.С.Абилов, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының төрағасы О.А.Абикенов, Әділет министрінің алғыс хаттарымен, Әділет департаменті басшысының грамоталарымен Әділет департаментінің қызметкерлері марапатталды.