Хабарландыру!

Хабарландыру!

 

 

 

 

Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде сағ. 15:00-де Қарағанды қаласы, Жамбыл көшесі, 11 мекен-жайы бойынша орналасқан Қарағанды облысы Әділет департаментінің ғимаратында Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығымен бірлесе алимент атқару өндірістері бойынша борышкерлерді жұмыспен қаматамасыз ету мақсатында бос орындар жәрмеңкесі өткізілетіндігін хабарлаймыз.

Заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау, сол сияқты олардың орындалуына кедергі жасау заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғатындығын ескертеміз.

Заңды күшіне енген мүліктік сипаттағы, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды, он сегіз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларды асырап-бағуға не өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын асырап-бағуға қаражат өндіріп алу туралы сот актілерін және атқарушылық құжатты орындаудан жалтару деп, атап айтқанда борышкердің дәлелді себептерсіз (сот орындаушысы хабардар еткен кезден бастап) не жұмыс орнынан босатылған кезден бастап бір ай ішінде өзін жұмысқа орналасуға мұқтаж адам ретінде есепке қою үшін құзыретті мемлекеттік органдарға өтініш жасаудан бас тартуын; жұмысқа мұқтаж ретінде есепке қойылғаннан кейін екі және одан да көп рет ұсынылған бос лауазымнан бас тартуын; жұмысқа орналастырылғаннан кейін бір ай ішінде жұмыс орнынан өз қалауы бойынша шығып кетуі есептелетіндігін қаперлеріңізге жеткіземіз.