Ашық есіктер күні

Ашық есіктер күні

Жезқазған қаласының ауданаралық әділет басқармасы 2021 жылдың 06 қыркүйекте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Жезқазған қаласының ауданаралық  сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі филиалымен бірлесе отырып және Жезқазған қаласының маслихат депутаты С.Жумкинаның қатысуымен   Жезқазған қаласының ауданаралық  әділет басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді.

Осы іс-шара барысында кеңес алуға 24 азамат  қатысып, алимент өндіру атқарушылық өндірістері бойынша, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) мемлекеттік тіркеу,  пәтер иелері кооперативінің (ПИК) өз еркімен таратылуы туралы,  жылжымайтын мүліктен тиымды алу сұрақтары бойынша кеңес алды.