«Азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді

«Азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді

2021 жылғы 30 шілдеде Қарағанды облысы Әділет департаментімен Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының, Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық прокуратурасының, жеке сот орындаушысы С.М. Ахметжановтың қатысуымен Қарағанды қ., Жамбыл көшесі, 47-203 мекен-жайы бойынша орналасқан жеке сот орындаушысының кеңсесінде алимент өндірістері бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.
Өткізілген іс-шараның нәтижесінде 7 борышкерге жұмысқа орналасуға жолдама алды.
Келесі бос орындар жәрмеңкесін 2021 жылғы 10 тамызда сағ. 09:30- 11:30 аралығында Қарағанды қ., Абай көшесі, 69-220 мекен-жайы бойынша орналасқан жеке сот орындаушысы К.С. Поляковтың кеңсесінде өткізу жоспарланған.
Жұмысқа орналасу сұрағы бойынша борышкерлер Халықты жұмыспен қамту орталығына 8(7212) 996-402, 996-393 байланыс телефондары арқылы хабарласа алады.
WA +7-775-644-35-80
инстаграм centr_zanyatosti_krg.
Атқару өндірісін қамтамасыз ету бөлімі