Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық көмек көрсету

Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық көмек көрсету

ҚР Премьер-Министрінің «2021-2023 жылдарға арналған волонтерлікті дамытудың Жол картасын бекіту туралы» өкімін іске асыру бойынша, 2021 жылдың 19 шілде күні Жезқазған қаласының ауданаралық әділет басқармасы «ZOOM» қашықтықтан бейнеконференция байланысы арқылы жастар арасындағы құқықтық бұзушылықтын алдын алу және құқықтық консультациялық көмек көрсету мақсатында «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы» КММ-ында жастармен кездесу өткізілді. Кездесу Жезқазған қаласының полиция басқармасының ЮПТ учаскелік инспекторы И.А.Абжалелованың қатысуымен өткізілді. Іс-шара барысында жастарға құқықтық және консультациялық көмек берілді.