Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту

Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту

2021 жылдың 14 шілдесінде "Жезқазған қаласының ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі" филиалында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып,  сот шешімдерін орындамағаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 669 бабы 1-бөлігі бойынша борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы, жеке сот орындаушыларының ұсыныстарын қарау шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру жұмыстары жалғасуда.

Жезқазған қалалық сотының 14.07.2021 жылғы қаулысына сәйкес борышкер ҚР ӘҚБК-нің 669 бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.