2021 жылдың 07 маусымда Жезқазған қаласының ауданаралық әділет басқармасымен WhatsAрр мессенджері арқылы «Мүлік иелерінің бірлестігін мемлекеттік тіркеудің тәртібі (МИБ)» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Аталған іс-шараға «Жезқазған қаласы мен Сәтбаев қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшылары қатысты.
Іс-шара барысында Жезқазған қаласының ауданаралық Әділет басқармасының басшысы мүлік иелерінің бірлестігінің (МИБ) мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізімін және олардың тәртібін реттейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің түсініктемесін берді. Сонымен қатар, қатысушылар ой-пікірлерін білдіріп, қатысушылардан түскен сұрақтарға толықтай жауап берілді.