Сот актілерін орындамайтын тұлғаларды Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 139, 430 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартудың проблемалық мәселелері бойынша жиналыс өткізілді

Сот актілерін орындамайтын тұлғаларды Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 139, 430 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартудың проблемалық мәселелері бойынша жиналыс өткізілді

2021 жылдың 05 мамырда Қарағанды облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары   Р.А. Базыловтың төрағалық етуімен сот актілерін орындамайтын тұлғаларды Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 139, 430 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартудың проблемалық мәселері тақырыбында ZOOM байланысы арқылы кеңес өткізіліді.

Аталған іс-шарада прокуратура, полиция департаментінің анықтау басқармасының, жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының өкілдері, әділет органдарының қызметкерлері, жеке сот орындаушылар қатысты.

Кездесу барысында сот актілерін орындамайтын тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартудың проблемалық мәселелері көтеріліп,  ұсыныстардың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысын жандандыру және өзара ынтымақтастықты нығайту туралы шешім қабылданды. Аталған кеңесте жеке сот орындаушылардың назарына Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының «сот актілерін орындамау бойынша жауапкершілік туралы» нормативтік қаулысына 2020 жылдың 11 желтоқсанында енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы түсіндірілді.