2021 жылдың 1 тоқсанындағы мемлекет кірісіне сомаларды өндіріп алу жөніндегі мамандандырылған кеңселердің жұмысының қорытындылары шығарылды

2021 жылдың 1 тоқсанындағы мемлекет кірісіне сомаларды өндіріп алу жөніндегі мамандандырылған кеңселердің жұмысының қорытындылары шығарылды

          

             Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Қарағанды облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары   Р.А. Базыловтың төрағалық етуімен, ZOOM бағдарламасы арқылы облыстың жеке сот орындаушылары, Қарағанды ​​облысы жеке сот орындаушыларының Палатасы өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өткізілді.

             Отырыс барысында мемлекеттік кірістерге сомаларды өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар талаптарын орындау мәселелері, борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартулуы, мәжбүрлі шаралардың барлық аясын қабылдау қажеттілігі талқыланды.

             Осы санаттағы  құжаттардың нақты орындалу индикаторын арттыру қажеттілігі атап өтілді.