Алимент бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін Қарағанды облысында борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Алимент бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін Қарағанды облысында борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Қарағанды облысының жеке сот орындаушылары  Қарағанды облысы Әділет департаментінің көмегі негізінде алимент бойынша міндеттемелерін орындамаған борышкерлерге қатысты қылмыстық жауапкершілкке тарту шараларын  жүзеге асыруда.

2021 жылдың 8 ақпанында Қарағанды облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотының  үкімімен борышкер А.Т.Асанов (фамилиясы өзгертілген) Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139 бабына сәйкес кінәлі деп танылған.

Үкім бойынша борышкердің 1 жылға бостандығы шектеліп, тағайындалған барлық мерзімге пробациалық бақылау қойылып,  жаза мерзімі бойында 100 сағат мәжбүрлеп еңбекке тартылған. Аталған үкім 2021 жылдың 23 ақпанында күшіне енді.

Борышкердің алимент бойынша берешек сомасы 3 250 021 тенгені құраған.

Сотталушы  борышкер  бірнеше жыл бойы кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент бойынша  өз міндеттерін орындамаған.

Сонымен қатар, 2020 жылы Қылмыстық Кодекстің 139 бабы бойынша 6 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын хабарлаймыз.