Дөңгелек үстел: академик Салық Зиманов - 100 жыл

Дөңгелек үстел: академик Салық Зиманов - 100 жыл

         

 

 

         24 ақпан 2021 жылы Жаңаарқа ауданаралық әділет басқармасымен  Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық орталықтандырылған кітапханасында  «Академик Салық Зиманов – 100 жыл» атты тақырыпта Жаңаарқа аудандық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы А.Абжанов, ардагер-Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі  А.Нығатайұлы және Жаңаарқа аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық Жастар Орталығы,  «С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ басшылары және мамандарының қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шара барысында  А.Абдразақов, А.Абжанов және А.Нығатайұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, заң ғылымының докторы, профессор С.Зиманов туралы өз ойларын ортаға салды.

         Кітапхана ұжымы дайындаған «Академик Салық Зимановтың туғанына 100 жыл» атты бейнеролик көрсетілді және мерейтой иесінің баспадан жарық көрген кітаптарына шолу жасалды.