Борышкерлерді сот актілерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша семинар

Борышкерлерді сот актілерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша семинар

2021 жылдың 23 ақпанында Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Р.А.Базыловтың төрағалығымен «Zoom» бейнеконференц-байланысы арқылы сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту сұрағы бойныша жиналыс өткізілді.

         Аталған іс шараға Қарағанды облыстық сотының төрағасы С.К.Оразбаев,  мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарының төрағалары Қарағанды қ. бойынша А.Н.Ан, Шахтинск қ. бойынша Ж.Ж.Кәрібаев, мамандандырылған әкімшілік соттардың судьялары Теміртау қ.бБойынша Л.В.Рыбалкина,  Балхаш қ. бойынша А.К.Тейлянова,  Балхаш қаласы мамандандырылған әкімшілік соты кеңсесінің меңгерушісі  Д.Е.Шапенов, Қарағанды облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы М.С.Абилов, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар қатысты.

         Жиналыс барысында борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде туындайтын мәселелері талқыланып, жан-жақты пікір алмасты.

         Сонымен қатар, аталған мәселелерді шешу мақсатында бірқатар ұсыныстар айтылды.

         Сонымен, жиналыс қорытындысы бойынша Қарағанды облысының сотымен мамандандырылған әкімшілік соттарының әкімшілік материалдарды сотпен қарау кезінде бірыңғай тәжірибе енгізу мақсатында ұсыныстары бойынша талдау жүргізіліп, ұсыным әзірленуі жоспарланды.