"Уәкілетті органдардың қаулылары бойынша әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың проблемалық мәселелері»

"Уәкілетті органдардың қаулылары бойынша әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың проблемалық мәселелері»
Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың проблемалық мәселелері бойынша уәкілетті органдармен ведомствоаралық кездесу.
2021 жылдың 14 қаңтарында Қарағанды облысының Әділет департаментінің ғимаратында, Қарағанды облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Р.А. Базыловтың төрағалығымен жоғарыда аталған тақырып бойынша ведомствоаралық кеңес өтті. Аталған шарада прокуратура, полиция және мемлекеттік кірістер департаментерінің, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері, әділет органдарының қызметкерлері, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар қатысты. Атқару өндірісін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Л.В.Гальчунова уәкілетті органдардың шешімдері бойынша әкімшілік айыппұлдардың орындалу жағдайы туралы баяндама жасалып, проблемалар мен оларды шешу бойынша шаралар жарияланды. Облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Е.А.Жартыбаев және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшының орынбасары Д.Ш.Куанышев өзара іс-қимыл мәселелері бойынша өз ұсыныстарын ұсынды.Кездесу қорытындысы бойынша осы іс-шараға қатысқан қатысушылар әкімшілік айыппұлдарды уақтылы орындау туралы шешімдер қабылданды.