Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Д. Байділдин азаматтарды жеке қабылдады

Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Д. Байділдин азаматтарды жеке қабылдады

🔹️2026 жылғы 5 маусымда Балқаш қаласында Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Д.Байдильдин азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдау барысында қала тұрғындары әділет органдарының қызметі, сот актілерін орындау, құқықтарды тіркеу және өзге де құқықтық мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді. Барлық өтініш иелеріне қолданыстағы заңнама аясында қажетті түсіндірмелер беріліп, көтерілген мәселелерді одан әрі шешу бойынша ұсынымдар ұсынылды.

Азаматтарды жеке қабылдауды өткізу халықпен ашық диалог орнатуға, сондай-ақ құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.