Шет ауданы Ақжал кентінің мәдениет үйінде тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді

Шет ауданы Ақжал кентінің мәдениет үйінде тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді



2026 жылғы 5 маусымда Шет ауданының Ақжал кенті Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарына тегін құқықтық кеңес беру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға Әділет департаментінің басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ адвокат, нотариус және жеке сот орындаушысы қатысты.

Кездесу барысында тұрғындар құжаттарды рәсімдеу, құқықтарды тіркеу, нотариаттық қызметтер, атқарушылық іс жүргізу және өзге де құқықтық мәселелер бойынша кәсіби кеңестер алды. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты түсіндірмелер алды.

Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және ауыл тұрғындары үшін заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.