Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Д. Байділдиннің жастармен кездесуі

Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Д. Байділдиннің жастармен кездесуі

 2026 жылғы 5 маусымда, Балқаш қаласындағы «JasSpace» спорттық-интеллектуалдық орталығында Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Д. Байділдиннің жастармен кездесуі өтті.
Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның алдын алу шаралары, сондай-ақ құқықтық сауаттылықтың қоғамдағы маңызы туралы пікір алмасты.
Қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыру – Мемлекет басшысы жүктеген маңызды міндеттердің бірі. Осындай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрмет пен адалдық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.