Аймақтық нормашығармашылық сұрақтарын талқылау

Аймақтық нормашығармашылық сұрақтарын талқылау

2020 жылғы 17 қарашада Қарағанды облысы әділет департаментімен ZOOM бейне-конференциясы арқылы жергілікті атқарушы және өкілді органдардың өкілдерімен  Қарағанды облысы Әділет департаменті жанындағы мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

Аталған үйлестіру кеңесінің отырысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты шаралар әзірлеу мақсатында 2020 жылдың 1 жарты жылдығындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен өткізілген құқықтық мониторинг нәтижелері және аймақтық нормашығармашылық  мәселелі сұрақтары талқыланды.

Іс-шараның нәтижесінде жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларына анықталған нормативтік құқықтық актілер кейінге қалдырылмай қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру, тіркелген нормативтік құқықтық актілерге сапалы, тиімді және уақтылы мониторинг  жүргізілуін қамтамасыз ету, әзірленетін және мемелекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық актілердің сапасын күшейту бойынша шаралар қолдануды ұсынатын  шешім қабылданған.