Неке бұзу: нені білу керек?
Ажырасу тәртібі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексімен реттеледі:
🔹 Қатысусыз ажырасу: Егер жұбайыңыз келе алмаса, оның нотариалды расталған келісімі жеткілікті.
🔹 Куәлік берілмейді: 2019 жылдан бастап ажырасу туралы жеке акт жазылмайды, тек неке қию жазбасына белгі қойылады.
🔹 Тегін растау: Некеге дейінгі тегіңізді растау үшін куәлік емес, арнайы анықтама беріледі.
🔹 Құжат ауыстыру: Тегіңіз өзгерсе, жеке куәлікті 1 ай ішінде ауыстыру міндетті.