2026 жылы 22 сәуірде Академик Е. А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ Заң клиникасының қызметкерлері Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу университетінің Студенттер үйінде жыл сайынғы «заңгерлер кеңес береді»акциясын өткізді.
Іс-шара аясында студенттерге тұрғын үй, еңбек, азаматтық құқық, сондай-ақ алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін қоса алғанда, студенттік ортаға қатысты көптеген құқықтық мәселелер бойынша тегін құқықтық кеңес беру ұйымдастырылды.
Құқықтық көмекке жүгінген әрбір студентке толық жауаптар мен практикалық ұсыныстар берілді.