
2026 жылғы 28 сәуірде Қарағанды облысы Әділет департаментінің «Қарағанды қаласының аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалының сот орындаушысы Е. Әуесбаев Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық №2 сотында өткен дөңгелек үстелге қатысты.
🔹 Кездесудің тақырыбы – борышкерлерге қатысты Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу қою мәселесі болды.
Іс-шара барысында шектеу қоюға байланысты өзекті сұрақтар талқыланып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті түсіндірмелер берілді.