
Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі жаңалықтарын түсіндіру мақсатында, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 30 сәуір күні Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында «Ашық есік күні» акциясы өтеді.
🕚 Басталуы: 11:00
❗️Іс-шараның мақсаты — халыққа тегін білікті құқықтық көмек көрсету.
📢Акцияға құқық қорғау органдарының өкілдері, заң консультанттары, адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары қатысады.
📍 Өтетін мекенжайлар: • Қарағанды қ. — Қарағанды облысы Әділет департаменті, Жамбыл көшесі 11, 5-қабат, конференц-зал
• Теміртау қ. — Теміртау қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Чайковский көшесі 2/1
• Балқаш қ. — Мухамеджанов ықшам ауданы 20А, JasSpace (жастардың зияткерлік-спорттық орталығы)
Барлық ниет білдірушілерді құқықтық көмек алуға және мамандарға өз сұрақтарын қоюға шақырамыз.