«Зияткерлік меншік және спорт: назар, дайын, инновациялар» тақырыбында фитнеспен айналысуға арналған спорттық киім дизайны бойынша республикалық конкурс

«Зияткерлік меншік және спорт: назар, дайын, инновациялар» тақырыбында фитнеспен айналысуға арналған спорттық киім дизайны бойынша республикалық конкурс

Фитнеске арналған спорттық киім дизайны бойынша республикалық конкурс «Зияткерлік меншік және спорт: стартқа, назар, инновациялар» тақырыбында
Республикалық конкурстың негізгі мақсаты — жастар арасында зияткерлік меншік туралы білімді насихаттау.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 20–30 сәуір аралығында Әділет департаменті арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін Әділет департаменттері конкурстық ұмыстарды комиссиялық қарауды ұйымдастырып, 2026 жылғы 6 мамырға дейін бір үздік жұмысты Комитетке жолдайды.
Жеңімпаздарды іріктеу бойынша республикалық кезең 2026 жылғы 12–14 мамыр аралығында өткізіледі.
Конкурстық жұмыстың мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына және мораль нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Конкурсқа қатысу тегін.
Әр қатысушы бір ғана жұмыс ұсына алады.
Бағалау келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:
тақырыпқа сәйкестігі;
жаңашылдығы және өзектілігі;
мазмұндылығы;
бірегейлігі және креативтілігі;
үйлесімділігі және тұтастығы.
Қатысушылар авторлық құқықтардың сақталуына кепілдік береді.
Қорытындыны конкурстық комиссия шығарады.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жеңімпаздарды жариялау — 2026 жылғы 15 мамыр.
Конкурстың міндеттері:
зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды насихаттау;
контрафактілік өнімдердің өндірілуі мен таралуына қарсы іс-қимыл;
контрафактіге теріс көзқарас қалыптастыру;
шығармашыл жастарды анықтау және қолдау;
жаңа идеялар мен технологиялардың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру.
Міндетті талаптар:
қатысушының Instagram парақшасы ашық болуы тиіс;
өз жұмысын #Антиконтрафакт2026 хештегімен жариялап,
@adiletgovkz аккаунтын белгілеу қажет.
Толық ақпаратты Қарағанды облысы Әділет департаментінің сайтынан
http://www.krg.adilet.gov.kz⁠�
және Instagram парақшаларынан алуға болады:
@karaganda_adiletgovkz, @intell.krg.region.09
Қатысушылар өз жұмыстарын конкурс талаптарына сәйкес орналастырып,
орналастырылған жұмысқа сілтемені электрондық пошта арқылы жіберуі қажет:
📧 ar.abikeev@adilet.gov.kz
📧 ar.abikeev.kz@mail.ru
Байланыс үшін:
📞 87019599669