«Нөлдік төзімділік: тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, сталкингке және некеге мәжбүрлеуге қарсы заманауи қылмыстық-құқықтық тетіктер» тақырыбында онлайн кездесу өтті

«Нөлдік төзімділік: тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, сталкингке және некеге мәжбүрлеуге қарсы заманауи қылмыстық-құқықтық тетіктер» тақырыбында онлайн кездесу өтті


 Орталығымыздың маманы Қазақстан заң сарапшылар палатасы төрағасымен Zoom платформасында кәсіби кездесу өткізіп, оған 20 заңгер қатысты.

Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық, сталкинг және некеге мәжбүрлеуге қарсы іс-қимылдың құқықтық тетіктері, заңнамалық өзгерістер және құқық қолдану тәжірибесі талқыланды. Сондай-ақ жәбірленушілердің құқықтарын қорғау шаралары мен қоғамда нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Мұндай кәсіби диалогтар тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейтуге септігін тигізеді.