Қарағанды агротехникалық колледжінің студенттерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды

Қарағанды агротехникалық колледжінің студенттерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды

Кездесу барысында орталық маманы жастарға отбасылық құндылықтардың маңыздылығы, ұлттық дәстүрлерді сақтау, отбасылық қарым-қатынастарды нығайту, жауапты қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және адам құқықтарын сақтау бағытында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар өмірлік қиын жағдайлардың алдын алу, ерте некенің және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері де жан-жақты қамтылды.

Кездесу аясында орталықта көрсетілетін психологиялық, әлеуметтік және құқықтық қолдау түрлері таныстырылып, қажет болған жағдайда орталық мамандарына жүгіну мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.

Іс-шараға «Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығының» мамандары қатысып, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы мәлімет ұсынды. Сонымен қатар «Отбасы банк» АҚ филиалының өкілі тұрғын үй жинақ жүйесінің мүмкіндіктерін түсіндірсе, «БЖЗҚ» АҚ Қарағанды облыстық филиалының жетекші маманы зейнетақы жүйесіне қатысты маңызды ақпаратпен бөлісті.

Іс-шара студенттердің белсенді қатысуымен өтіп, қойылған сұрақтарға толық әрі мазмұнды жауаптар