Кездесу барысында «Қарағанды қаласының Отбасын қолдау орталығы» бөлімінің басшысы жастарға отбасы құндылықтарының маңыздылығы, жауапты қарым-қатынас мәдениеті, құқықтық сауаттылық және мәжбүрлі некеге тұруға, сталкингке және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың басқа да түрлеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ өмірлік қиын жағдайлардың, ерте некелердің және құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыптары қозғалды.
Студенттерге орталық тарапынан көрсетілетін психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмектің түрлері туралы ақпарат беріліп, қажет болған жағдайда орталық мамандарына жүгіну мүмкіндігі атап өтілді.
Сонымен қатар, «БЖЗҚ» АҚ Қарағанды облыстық филиалының жетекші маманы студенттерді зейнетақы жүйесі мен қаржылық сауаттылық бойынша маңызды ақпаратпен таныстырды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті: студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, барлық сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды.