Қарағанды техникалық-экономикалық колледжінің студенттерімен ақпараттық кездесу ұйымдастырылды

Қарағанды техникалық-экономикалық колледжінің студенттерімен ақпараттық кездесу ұйымдастырылды

Кездесу барысында орталықтың маманы жастарға отбасылық құндылықтардың маңыздылығы, отбасылық дәстүрлерді сақтау, отбасылық қарым-қатынастарды нығайту, жауапты қарым-қатынас мәдениеті және адам құқықтары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар өмірлік қиын жағдайлардың алдын алу, ерте некенің және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері де кеңінен айтылды.

Сондай-ақ орталықта көрсетілетін психологиялық, әлеуметтік және құқықтық қолдау түрлері таныстырылып, қажет болған жағдайда орталық мамандарына жүгінуге болатыны туралы ақпарат берілді.

Кездесуге «Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығының» мамандары да қатысып, мемлекеттік бағдарламалар мен жастарға арналған жобалар туралы мәлімет ұсынды. Сонымен қатар «Отбасы банк» АҚ филиалының өкілі тұрғын үй жинақ жүйесі туралы ақпарат берсе, «БЖЗҚ» АҚ Қарағанды облыстық филиалының жетекші маманы зейнетақы жүйесіне қатысты маңызды мәліметтермен бөлісті.

Іс-шара студенттердің белсенді қатысуымен өтіп, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.