Қарағанды облысы Әділет департаментінде жаңару, ізгілік пен бірліктің символы – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
✨️Мерекелік атмосфера ұлттық нақышқа толы болды: қатысушылар бай мәдени мұраны айшықтайтын дәстүрлі салт-дәстүрлерге қатысып, қызықты байқауларда бақ сынап, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсерге бөленді.
Іс-шара дәстүрлерді сақтау, достық пен өзара құрметті нығайтудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.
✨ Наурыз – жаңару, игі бастамалар мен жарқын үміттер уақыты!