Азаматтық хал актілері дегеніміз не және АХАТ бөлімі немен айналысады?

Азаматтық хал актілері дегеніміз не және АХАТ бөлімі немен айналысады?

Азаматтық хал актілері дегеніміз не және АХАТ бөлімі немен айналысады? 📑
Әрбір адамның өміріндегі маңызды кезеңдер заңды түрде тіркелуі тиіс. Бұл құқықтар мен міндеттердің туындауына немесе тоқтатылуына тікелей әсер етеді.
Тіркеуші орган (АХАТ) қандай қызметтер көрсетеді?
1️⃣ Мемлекеттік тіркеу: баланың тууы, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу, аты-жөнін өзгерту.
2️⃣ Түзетулер енгізу: әке болуды (ана болуды) анықтау, бала асырап алу, акт жазбаларын қалпына келтіру немесе жою.
3️⃣ Құжаттар беру: алғашқы және қайталама куәліктер, анықтамалар мен көшірмелер беру.
4️⃣ Мұрағатты сақтау: барлық маңызды жазбалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қазақстанның неке-отбасы заңнамасы қандай принциптерге негізделген?
🔹 Ер мен әйелдің ерікті одағы және тең құқылы болуы.
🔹 Отбасы ісіне сырттан заңсыз араласпау.
🔹 Барлық мәселені өзара келісіммен шешу.
🔹 Балалардың, қарттардың және еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің мүдделерін бірінші кезекте қорғау.
🔹 Салауатты өмір салтын қолдау.
Отбасы — мемлекеттің негізі, ал заң — оның қорғаушысы! 🏠