
Әлеуметтік мәселелер бойынша ашық есік күні өтті
2026 жылғы 13 ақпанда «TEN QOGAM» әлеуметтік бейімдеу орталығында әлеуметтік мәселелер бойынша ашық есік күні өтті. Іс-шараға Әділет департаментінің қызметкерлері мен заң консультанттары да белсенді қатысты.
Кездесу барысында азаматтарға әлеуметтік қолдау шаралары, мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызмет түрлері туралы жан-жақты ақпарат беріліп, өзекті әлеуметтік мәселелер түсіндірілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан білікті жауап алды.