
2026 жылғы 12 ақпанда Қарағанды облысының Әділет департаментінде облыстық ақпараттық-насихат тобының Қарағанды облысы адвокаттар алқасының мүшелерімен кездесуі өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасының негізгі ережелері таныстырылып, негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар жан-жақты түсіндірілді.