
11 ақпан күні "Құқықтық тәртіп әліпбиі" акциясы аясында Қарағанды облысы Полиция департаментінің базасында профилактикалық рейд өткізілді.
Іс-шара азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған.
"Құқықтық тәртіп әліпбиі" акциясы мемлекеттік органдар мен қоғамның күш-жігерін біріктіре отырып, құқықтық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру бағытындағы жұмысын жалғастыруда