2026 жылғы 9 ақпанда сот актілерін орындау аясында Қарқаралы аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің қызметкерлері мемлекет кірісіне тәркілеуге жататын алкоголь өнімдерін тәркіледі.
Тәркіленген өнімдер заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарға тапсырылды.
Сот шешімдерінің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты негізде жалғасуда.