"Заң және тәртіп" идеологемасы аясындағы "құқықтық тәртіп әліпбиі" акциясы

"Заң және тәртіп" идеологемасы аясындағы "құқықтық тәртіп әліпбиі" акциясы

2026 жылғы 4 ақпанда Қарағанды қаласында Қарағанды облысының Әділет департаментінде Қарағанды облысы прокуратурасы жанындағы Жобалық кеңсенің қолдауымен «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында «Құқықтық тәртіп әліпбиі» акциясы өтті.
Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға арналған маңызды әрі өзекті алаңға айналды. Қоғамды цифрландыру үдерісі қарқынды жүріп жатқан қазіргі кезеңде әділет органдарының қызметі, электрондық сервистердің жұмысы, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тәжірибесін түсіндіруге ерекше назар аударылды.
Акция аясында қоғамдық сектор өкілдері, жастар және студенттер үшін әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары мен заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері кеңінен қамтылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырып, құқықтық ақпараттың қолжетімді әрі түсінікті болуына ықпал етеді. Акцияға қатысушылар заңдылықты, құқықтық тәртіпті нығайтудың және азаматтармен ашық диалог орнатудың маңыздылығын атап өтті.