«Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету аясында Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Технопаркінде LegalExpert.kz қосымшасының таныстырылымы өтті.
Іс-шараға Әділет департаменті басшысының орынбасары Д. Байділдин қатысып, платформаны енгізудің өзектілігін атап өтті. Кездесудің басында қатысушылар Конституцияның жаңа жобасын талқылады. «Әділетті Қазақстан» бағдары мен «Заң және тәртіп» қағидаты ерекше атап өтілді.
Платформа жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді және азаматтарға құқықтық мәселелерді нақты уақыт режимінде шешуге көмектеседі — жұмыс берушімен туындайтын типтік мәселелерден бастап азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық құқық саласындағы күрделі жағдайларға дейін.
Жоба Әділет министрлігімен тығыз ынтымақтастықта әзірленген. Пилоттық іске қосу Қарағанды облысында өткізілді, алайда сервис Қазақстанның барлық тұрғындарына қолжетімді — Legalexpert.kz сайтында тіркелу жеткілікті.