ЭЛЕКТРОНДЫҚ АПОСТИЛЬ- тез,ыңғайлы, тиімді

ЭЛЕКТРОНДЫҚ АПОСТИЛЬ- тез,ыңғайлы, тиімді

Апостиль-ол құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба.
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасына сәйкес, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Яғни, 2021 жылдың қаңтарынан бастап «Әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды. Апостиль қою мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесі жеңілдетілді.
«Е-Апостиль» сервистік бағдарламалық өнімі шеңберінде электрондық апостиль алуға өтініштер қабылдау, электрондық өтініштерді өңдеу және электрондық апостиль қалыптастыру жүзеге асырылады, бұл өтініш берушілерге Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде онлайн режимінде өтініш беруге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба болуы қажет.
Электрондық апостильдеудің басты артықшылығы апостиль шығаруға және оның түпнұсқалығын белгілеуге жұмсалатын шығындар мен уақытты қысқарту, апостиль қызметтеріне қол жеткізуді жеңілдету, алаяқтықтан қорғауды арттыру, құзыретті органдардың жүктемесін азайту, құжаттарды жоғалту қаупін азайту, халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдету болып табылады.
Осылайша, электрондық апостиль - апостильді қою, жазу және тексеру үшін жылдам, қауіпсіз және қағазсыз процедураны енгізеді.
Казіргі таңда, Гаага Конвенциясына кірген 125 елдің, электронды апостиль 58 шел ел жүзеге асырылған,оның ішінде Италия, Испания, Турция, Корея, Болгария, Польша,АҚШ тағы с.с.