
2025 жылғы 12 желтоқсанда Қарағанды облысы Осакаров ауданы Қаратомар ауылдық округінің Қаратомар ауылында Қарағанды облысының Әділет департаментінің ақпараттық-насихаттық тобы жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Іс-шара Мәдениет үйінің ғимаратында өтті.
Кездесуге Қарағанды облыстық нотариаттық палатасының өкілдері, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының мүшелері, сондай-ақ сот орындаушысы қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға әділет органдарының қызметі, мемлекет кепілдік беретін заң көмегін көрсету тәртібі, сондай-ақ құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері туралы ақпарат ұсынылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарға құқықтық мәселелердің кең ауқымы бойынша консультативтік көмек көрсету.
Тұрғындар атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық қызмет, жылжымайтын мүлікті тіркеу, алименттік міндеттемелер, жер даулары және құқықтық баға беруді қажет ететін өзге де мәселелер бойынша түсініктемелер алды.
Сапар барысында мамандар азаматтарды жеке қабылдау жүргізді. Өтінішпен жүгінген барлық азаматтарға білікті кеңестер мен қажетті түсіндірмелер берілді.
Бұдан бөлек, сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сот актілерін шағымдану тәртібі және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал ететін басқа да маңызды мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.