
20 қараша 2025 жыл
Қарағандыдағы TEN QOGAM әлеуметтік бейімдеу орталығында «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету аясында азаматтарды қабылдау өтті.
Қала мен облыстың мемлекеттік органдарының өкілдері тұрғындарды қабылдап, өзекті сұрақтарын тыңдады. Әділет департаментінің мамандары, «Отбасыны қолдау орталығы» КММ өкілдері, заңгерлер, нотариустар және мемлекеттік сот орындаушылары тегін кеңес берді.
Тұрғындар келесі мәселелер бойынша жүгінді:
🔸️жер қатынастары;
🔸️ қоғамдық бірлестік тіркеу;
🔸️ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
🔸️ мұра рәсімдеу.