Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша дөңгелек үстел

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша дөңгелек үстел

«Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ өкілі бүгін Respublica партиясының Қарағанды облыстық филиалында өткен «Адам үшін ең қымбат – отбасының бақыты» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Шара барысында отбасы құндылықтары, ата-ананың қоғамдағы және бала тәрбиесіндегі рөлі, әйелдердің көшбасшылығын дамыту, сондай-ақ Қазақстандағы отбасыны қолдау жөніндегі мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттары жан-жақты талқыланды. Кездесуге қатысушылар тәжірибе алмасып, отбасылық институтты нығайтуға бағытталған бастамалар мен тиімді ұсыныстарын ортаға салды.
Қорытындысында, дөңгелек үстел отбасы институтын нығайтуға бағытталған маңызды мәселелерді талқылап, тараптар арасында өзара ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік берді. Орталық алдағы уақытта да отбасы құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған бастамаларды қолдап, тиімді жұмыстарды жалғастырады.