АДАЛДЫҚ ПЕН КӘСІБИЛІК-МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

АДАЛДЫҚ ПЕН КӘСІБИЛІК-МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

 Мемлекеттік қызметтің мақсаты- халыққа қызмет ету. Қарапайым адамның сөзін тыңдау, оның жағдайына кіру- адамдық пен борыш және кәсіби этиканың көрінісі. Әрбір мемлекеттік қызметші өз міндетін орындау арқылы елдің жарқын болашағына үлес қосатыны мәлім. Гальчунова Людмила Владимировна- Қарағанды облысы Әділет департаменті Сот орындаушылар қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы. 1976 жылы 17 шілдеде дүниеге келген. Мемлекеттік қызметтегі өзінің еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды облысы Соттар әкімшісінің Шахтинск аумақтық учаскесінің сот орындаушысы лауазымынан бастады. Жиырма жылдан астам өзінің функционалдық міндеттерін айрықша құзыреттілікпен және борышына адалдықпен орындаған, қызметтік міндеттерін кәсіби және адал атқарды. Людмила Владимировна 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің мерекелік медалімен, 2024 жылы Әділет органдарындағы жоғары кәсібилігі адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.