
11.11.2025 Әділет департаменттің бас маманы Галиева А. «Азаматтарға арналған үкімет» #1 мемлекеттік корпорациясы қызметкерлеріне электрондық апостиль қызметін алу тәртібі бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – е-апостиль мемлекеттік қызметін түсіндіру және оның артықшылықтарын кеңінен насихаттау.